Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы ҚПЛ клубына ауысуы мүмкін

12.08.2020, 16:49
Алматылық «Қайрат» қызығып жатыр деген де ақпарат болған еді.
Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы ҚПЛ клубына ауысуы мүмкін

«Ахматтың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Денис Глушаков мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Sports.ru сайты.

«Қазақстанда Денис Глушаков көп ақша таба алады. Негізгі ұсыныс сол жақтан», - деп жазды Конов 33 жастағы ойыншыға түскен ұсыныс туралы.

"Химки" клубы Глушаковқа бір жылдық келісімшарт ұсынды. Сонымен қатар, Глушаков 2013 жылдан 2019 жылға дейін ойнаған Мәскеудің «Спартак» клубына оралуы мүмкін.

Бұған дейін Ресей құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы шетелдік чемпионатқа кету мүмкіндігін жоққа шығармай, қызығушылық танытқан клубтармен жүргізіліп жатқан келіссөздер туралы айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×