Ресей спорт министрі: “ФИФА мен УЕФА турнирлеріне міндетті түрде ораламыз”

29.09.2025, 17:10

Ресейдің спорт министрі әрі елдің Олимпиада комитетінің басшысы Михаил Дегтярев Ресейлік клубтардың ФИФА мен УЕФА аясындағы жарыстарға жақын арада қайта қатысатынына сенімді екенін айтты.

Ресей спорт министрі: “ФИФА мен УЕФА турнирлеріне міндетті түрде ораламыз”

“Біз ешқайда кеткен жоқпыз. Еврокубоктар қазір уақытша жабық, бірақ біз міндетті түрде қайта ораламыз. Сонымен қатар ішкі чемпионатты да күшейту керек, жас ойыншыларды дайындау жүйесін жолға қойып, оларға көбірек тәжірибе беруіміз қажет. Бұл туралы біз РФС-пен де сөйлесіп жатырмыз.” – деді Дегтярев “Матч ТВ” арнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Ресей футболының мақсаты – тек халықаралық аренаға қайта оралу ғана емес, сонымен қатар ел ішіндегі чемпионаттың сапасын көтеру және жас буынға мүмкіндік беру.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×