24 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Акмаль Бахтияров «Ордабасы» клубының оқу-жаттығу жиынына қатысуда, деп хабарлайды инсайдер Владимир Жарков өзінің телеграм арнасында.
«Қайрат» академиясынан түлеп ұшқан Бахтияров бұған дейін «Жетісу», армениялық «Арцах», ресейлік «Сочи» клубтарында доп тепті. Ал 2021 жылдың жазынан бері «Олимп Долгопрудный» командасының намысын қорғады. ФНЛ-дің өткен маусымында 24 ойынға қатысып, 1 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды.
Акмаль Қазақстан жастар құрамасында 9 ойынға қатысып, 1 гол соққан.
Айта кетейік, «Ордабасы» бұған дейін Өзбекстанда оқу-жаттығу жиынын өткізген болатын. Ал жақын күндері шымкенттік клуб Тәжікстанға аттанып, сол жақта жолдастық матч өткізетін болады.
Біздің серіктес: FONBET