Transfermarkt порталы Ресей Премьер-лигасында өнер көрсететін үш ойыншымыздың нарықтағы бағасына тоқталды.
Беделді порталдың мәліметінше, трансфер құны 2,5 млн еуроны Максим Самородовтың бағасы сол қалпында өзгеріссіз қалыпты. 23 жастағы шабуылшы “Ахмат” клубының осы маусымдағы барлық кездесулеріне қатысып келеді.
“Зенит” ойыншысы Нұралы Әліптің де құны Самородовпен теңесті. Ел құрамасының капитаны нарықта бірден 500 мың еуроға арзандаған. 25 жастағы қорғаушы қазірде Петербор ұжымының құрамына бірде ілігіп, бірде ілікпей жүр.
Құрама ойындары алдында жарақат алған Бақтиер Зайнутдиновта 3 млн еуродан, 2,8 млн еуроға арзандап кетіпті. Тараз футболы түлегінің бұрынғыдай қарқыны жоқ. Жиі жарақат ала бергеннің кесірінен ойыншы өз командасының біраз кездесуін жіберуге мәжбүр болуда. Оның үстіне “Динамо” бапкері де Бақтиерды тансық емес позицияда ойнатып, оның матчта жиі қателесуіне сеп болып жүр.