Ресейдің футбол ардагері А.Мостовой: Черчесовты қызметінен алып тастау керек

Ресейдің футбол сарапшылары да Станислав Черчесовтің жұмысын сынға алып жатыр. Белгілі бұрынғы футболшы Александр Мостовой Қазақстан құрамасының сәтсіз кезеңінен кейін Саламұлын қызметінен босату керек депті.

Ресейдің футбол ардагері А.Мостовой: Черчесовты қызметінен алып тастау керек
фото ашық дерек көзден алынды

Ол дәл қазір, Қазақстан құрамасына Пеп Гвардиоланы әкеп қойса да нәтиже жақсарып, қазақтар бәрін жеңіп кетпейтінін айтады. Дегенмен, Магомед Адиевтың тұсында ұлттық құраманың жеткен жетістігінен кейін қазіргі жағдай тіптен мүшкіл болып тұр. «Сондықтан, Станислав Черчесов өз еркімен қызметінен кетпесе, бәрібір оны бас бапкерліктен алып тастайды»- деп сөзін түйіндеді А.Мостовой.

Айта кетейік, С.Черчесов тізгіндеген Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының «В» дивизионында 6 ойында бір ұпай ғана еншілеп, 15 гол жіберіп, гол соқпай кеткен Еуропадағы жалғыз команда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 23
Ұнамайды 4
Күлкілі 1
Масқара 18
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×