Ресейдің футбол одағы Әзербайжан, Армения және Қазақстандағы әріптестерімен жолдастық ойын өткізудегі келіссөздерді жүргізуде.
"Аталған федерациялармен жолдастық ойын өткізу жайында келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Алайда қарсыластарымыз УЕФА-ға мүше болғандықтан, ал еуропалық командалардың кестесі тығыздығымен ерекшеленгендіктен бұл мәселе әлі толығымен шешілген жоқ", - деді Ресейдің футбол одағының қызметкері Максим Митрофанов.
Егерде барлығы дұрыс болып, біздің жігіттер Ресеймен кім мықтыны анықтаса, бас бапкер Черчесов өзі баптаған құрамамен қайта қауышады.
Айта кетейік, 7 маусым күні Ереванда ел құрамасы Арменияға қарсы ойын өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET