Ресейлік агент Максим Самородовтың өнеріне тәнті. Грозныйлық клубтың ойыны Қазақстандық футболшыға тәуелді дейді

18.03.2025, 19:50

Ресейлік танымал футбол агенті Тимур Гурцкая грозныйлық «Ахматтың» қазақстандық жартылай қорғаушысы Максим Самородовтың өнері жайлы айтты.

Ресейлік агент Максим Самородовтың өнеріне тәнті. Грозныйлық клубтың ойыны Қазақстандық футболшыға тәуелді дейді
Максим Самородов "Ахмат" сапында

Дәл қазір 22-жастағы футболшы ұлттық командасымен ӘЧ-2026 іріктеуінің Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы кездесулерінде дайындалуда. Кеше SALE футбол телеграмм-арнасы Максим Самородовтың Қазақстан құрамасының Түркия жеріндегі оқу-жаттығу жиындарына келіп қосылғанын мәлімдеген болатын. Айта кетейік, «Ахмат» ойыншысы ұлттық құрама сапында 21 матчта алаңға шығып, 3 рет мергендік танытты.   

«Ахматта» шеткі шабуылшылардың позициялары аса маңызды. Оларда қазір сол позицияда шынайы элиталық деңгейдегі қос футболшы бар, олар Лечи Садулаев пен Максим Самородов. Дәл қазір «Ахматтың» ойыны мен нәтижесі оның қапталдарындағы ойынға тәуелді», - деді ресейлік агент «Это футбол, брат!» Youtube-арнасына берген сұқбат барысында.  

РПЛ-24/25 маусымында Максим Самородов «Ахмат» жейдесінде 15 ойында өнер көрсетіп, 3 голдың авторы атанды. Сондай-ақ, қазақстандық ойыншы осыншама матчта 2 ассист берген болатын. Футболшының нарықтық бағасы 1,20 млн еуро. Жартылай қорғаушы мен грозныйлық клубтың келісімшарты 2028-жылдың 30-маусымына дейін жарамды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×