Ресейлік БАҚ: “Қайрат” Глазгода ұтылса да, Алматыда камбэк жасайды.”

19.08.2025, 11:30

Ресейлік "Футбол на Куличках" сайты "Селтик" және "Қайрат" арасындағы матчқа болжам жасады.

Ресейлік БАҚ: “Қайрат” Глазгода ұтылса да, Алматыда камбэк жасайды.”

"Шотланд алпауытының басты жанкүйерлік сайты мәлімдегендей, команданың Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіне шықпауы ешқандай ақтауы жоқ нағыз сәтсіздік болмақ. Шын мәнінде, "Селтик" үлкен фаворит саналады, оның құрамы "Қайраттан" 11 есе қымбат. Біріншіліктің алғашқы екі турында "Селтик" екі рет жеңіске жетті, сонымен қатар Лига Кубогында "Фалкиркті" (4:1) ойсырата ұтты.

Шотландия чемпионаты енді ғана басталып жатса, Қазақстан Премьер лигасы қызу жүріп жатыр, ал "Қайрат" чемпиондық үшін таластағы негізгі командалардың бірі. Әрине, Еурокубоктық айқастар көп күш пен эмоцияны талап етеді, соның салдарынан "Слованға” қарсы ойындардан кейін "сары-қаралар” өз алаңында "Елимайға” есе жіберді. Дегенмен, алда олар үшін беделді қайта қалпына келтіруге мүмкіндік беретін маңызды матч күтіп тұр."

Статистикалық деректер

Командалар бұрын-соңды кездескен емес.

"Селтик” әзірге маусымдағы үш ойынның барлығында жеңіске жетті. (жалпы есеп 7:1)

15 тамызда "Селтик" өз алаңында "Фалкиркті” 4:1 есебімен жеңді.

"Қайрат” ЛЧ іріктеуінде "Олимпияны" (1:1, 2:0), "КуПС"-ті (0:2, 3:0) және "Слованды" (1:0, 0:1, пенальти сериясында) ұтты.

"Қайрат” соңғы екі ойында жеңіліс тапты.

"Селтиктің” құрамы "Қайраттан” 11 есе қымбат.

ФНК болжамы.

"Қайратқа" тағы да үйдегі камбэкке сенуге тура келетін сияқты, бұл жағдай "КуПС"-пен болған ойынға ұқсап тұр. Дегенмен, Глазгодағы матчта есеп 2:0-мен шектелмей қалуы әбден мүмкін, әрі жанкүйерлердің айқай-шуы қонақтарға қатты қысым жасайтыны анық." – деп жазады дереккөз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×