Ресейлік БАҚ: “Қазақстанның Бельгияға сапары нағыз қорлыққа айналды”

08.09.2025, 13:10

Қазақстан құрамасының Бельгиядан 0:6 есебімен жеңілуі тек жанкүйерлер арасында ғана емес, шетелдік басылымдарда да қызу талқыланып жатыр. Ресейдің беделді championat.com порталы бұл ойынды "Қазақстандық футболшылар үшін нағыз қорлық" деп бағалады.

Ресейлік БАҚ: “Қазақстанның Бельгияға сапары нағыз қорлыққа айналды”

Ресейлік басылымның жазуынша, алғашқы 42 минутта Қазақстан қорғаныста төтеп бергенімен, одан кейінгі оқиғалар ұлттық құрама үшін "қорқынышты түске” айналды.

Алдымен Кевин Де Брюйне айып алаңының сыртынан әдемі соққымен есеп ашты. Бір минут өтпей жатып, ол тағы да шебер пас шығарып, Жереми Доку гол соқты. Екінші таймда Доку дубль жасап қана қоймай, нәтижелі пас та берді. Де Брюйне өз кезегінде екінші голын еншілеп, Бельгияның басымдығын нығайтты.

Осылайша, “Қызыл Сойқандар” Қазақстан қақпасына алты гол соғып, сенімді жеңіске жетті.

Бұл жеңістен кейін Бельгия J тобында екінші орында тұр. Айта кетерлігі, олардың бір ойыны Солтүстік Македонияға қарағанда кем. Қазақстан болса, небәрі 3 ұпаймен турнирлік кестеде төртінші орынға тұрақтады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×