Бұрын «Ахматты» жаттықтырған ресейлік бапкер Сергей Ташуев грозныйлық клубтың жаңа маусымдағы әлеуетіне баға беріп, Максим Самородов туралы пікірін айтты.
Естеріңізде болса, жақында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы «Ақтөбеден» грозныйлық команда қатарына ауысқан болатын. Трансфер құны – 1 млн еуроны құрады.
«Ахмат» дәрежесі мен футболшыларының деңгейі тұрғысында күшейе түсті. Өткен маусымда алдыңғы қатарда болған Иван Олейников пен тағы біршама ойыншы алаңнан көрінбей жүр. Сондай-ақ, Хариннің ауыр жарақатынан қашан айығатыны да белгісіз. Ал «Ахматтың» күшейгені күмәнсіз. Қазір Исмаэльді қайта алды, Самородов деген шабуылшыны қатарға қосып жатыр. Ол өте қабілетті футболшы. Команда осы маусымда топ-5-тік қатарына үміткер бола алады. Біздің қолымыздан келді ғой бұл. Енді сол рекордты жаңарту керек. «Ахмат» «Краснодар» секілді өзінің деңгейімен және футболға деген қарым-қатынасының арқасында премьер-лигада жоғары орындарға таласа алатын дәрежеге жетті» - деген болатын С. Ташуев.
Максим Самородовтың «Ахматтың» қатарына ауысуына Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Магомед Адиевтің ықпалы болды. Ресейлік маман жартылай қорғаушымен Қазақстан құрамасындағы жұмысы кезінен жақсы таныс. Самородовтың жақын арада тиісті рәсімдерін өткізген соң жаңа клуб қатарындағы дебюті күтілуде. Шамасы, қазақстандық футболшы өзінің алғашқы кездесуін осы жексенбіде РПЛ-дің 3-туры аясында «Локомотивке» қарсы матчта өткізетін сыңайлы. Естеріңізге салайық, Максим Самородов «Ақтөбе» жейдесінде биылғы маусымдағы барлық матчтарда 5 гол соғып, 3 голдың пас берді.
Біздің серіктес: FONBET