Ресейлік басылым: “Қайрат” Братиславада жеңілмейді”

12.08.2025, 09:45

Ресейлік Soccer365 сайты Чемпиондар лигасының  іріктеу кезеңіндегі "Слован" (Словакия) мен "Қайрат" арасындағы жауапты матчқа болжам жасады.

Ресейлік басылым: “Қайрат” Братиславада жеңілмейді”

"Слован” "Қайратпен” өтетін қарымта кездесуге тұрақсыз формада келіп отыр. Владимир Вайсс жаттықтыратын команда өз алаңында сенімді жеңістерге қол жеткізсе, сырт алаңда сәтсіздікке жиі ұшырап жүр. Братиславтықтардың өз алаңында жүз пайыздық нәтижесі және әр ойында төрт голдан соққанын ескерсек, олардан қауіп күтуге болады. Дегенмен, бұл ойында алаң иелері дисквалификацияға ұшыраған Рахим Ибрахими және бас бапкер Вайссыз ойнайды, бұл ойын тағдырына әсер етуі ықтимал.

Ал "Қайрат”  керісінше тамаша формада. Қатарынан төрт жеңіс, оның үшеуінде қақпасына гол айырылмады, соның ішінде "Слованға” қарсы алғашқы кездесудегі жеңіс те бар. Қазақстан Премьер лигасындағы ойынды кейінге қалдыру Рафаэль Уразбахтиннің командасына қалпына келу үшін қосымша уақыт берді, ал Зарияның қайта оралуы тактикалық нұсқаларды көбейтеді. Соңғы кездері басты назар 16 жастағы шабуылшы Дастан Сәтбаевқа ауды, ол ішкі біріншілікте де, Чемпиондар лигасы іріктеуінде де команданың үздік сұрмергені. Дастан бірінші ойында жеңіс әкелген пенальтиді де өзі орындады.

Қонақтардың сенімді формасын және нәтижеге ойнау шеберлігін ескерсек, "Қайраттың" кем дегенде тең түсу және келесі кезеңге өту мүмкіндігі өте жоғары, бірақ "Слованның" өз алаңындағы күшін де ескерусіз қалдыруға болмайды.

Болжам: 2:2."

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×