Калининградтық "Балтикамен" келісімшартын мерзімінен бұрын үзген Ресейлік қорғаушы Әмір Мохаммад мансабын Қазақстан чемпионатында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ресейдің Бірінші лигасының екі дүркін чемпионы қазіргі уақытта еркін агент ретінде жаңа клуб іздестіруде. Инсайды от Карпа дереккөзінің хабарлауынша, тәжірибелі қорғаушыға Қазақстан, Өзбекстан және Ресей клубтары тарапынан қызығушылық туындаған.
Әмір Мохаммад — Pесейлік футболда өзіндік қолтаңбасы бар ойыншы. Оның негізгі көрсеткіштеріне тоқталсақ:
Ол екі жыл қатарынан екі түрлі командамен ("Химки” және "Балтика") ФНЛ чемпионы атанды.
Биылғы маусымда "Балтика" сапында барлық турнирлерде 6 кездесуге қатысты.
29 жасар Әмір Мансабында "Анжи”, "Легион-Динамо", "Авангард", "КАМАЗ” және "Химки" сияқты ұжымдардың намысын қорғаған.