“Серик Спор” клубының капитаны Кирилл Гоцукке Бірінші лига клубтары тарапынан қызығушылық тууда.
Жалпы 33 жастағы орталық қорғаушыға “Серик Спордың” турнирдегі бәсекелесі “Бандымра Спор ұжымы ұсыныс жасауға дайын екен. Одан тағысы, кей деректерге сенсек, Кириллге Қазақстанның Бірінші Лигасынан шақыртулар келуде деген ақпараттар бар.
Гоцук 2025 жылғы маусымда алғаш рет өз отанынан тыс жерде өнер көрсетті. Әйтпесе, оған дейін ол ресейлік “Элец”, “Липецк”, “Шинник”, “Крылья” Советов, “Авангард” Курск және “Нижний Новгород” клубтарының намысын қорғады.
Трансфермаркет порталы “Серик Спор” ойыншысын қазірде 500 мың еуроға бағалайды.