Ресейлік клуб «Атырау» футболшысына қызығушылық танытуда

07.12.2021, 18:59
Армениялық футболшы қазір еркін агент мәртебесінде жүр.
Ресейлік клуб «Атырау» футболшысына қызығушылық танытуда

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Атыраудың» жартылай қорғаушысы Соломон Удо ресейлік клубқа ауысуы мүмкін.

25 жастағы Удо өткен маусымды «Шахтерде» бастады, бірақ жазда «Атырауға» жалға берілді. Жалпы, Премьер-лигада 21 ойын өткізді. Удо Армения құрамасының негізгі ойыншысы болғандықтан, Қазақстан мен Ресейде легионер болып саналмайды.

Удо «Нижний Новгородтың» бас бапкері Александр Кержаковпен болған кикілжіңнен кейін командадан кеткен жартылай қорғаушы Петрюс Бумалдың орнын басатын ойыншы ретінде қарастырылуда. Армениялық футболшы қазір еркін агент мәртебесінде жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×