Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат "Химкидің" негізгі құрамымен оқу-жаттығу жиынына бармайды. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет өзінің телеграм арнасында хабарлады.
Қуаттың "Химки" клубының бас бапкері Черевченконың жоспарына енбегені атап өтілді. Ол Исламбекке жаңа команда іздеуге кеңес берген көрінеді. Қуат РПЛ-де қалғысы келеді, бірақ оған қызығушылық танытқан клубтар жоқ. Ол мансабын жалғастырудың жаңа нұсқасын тапқанға дейін "Химкидің" екінші командасымен жаттығады.
27 жастағы Қуат қыркүйек айында "Химки" ойыншысы атанған болатын, содан бері ол бұл клубта алты матч өткізді. Исламбек бұған дейін "Оренбург" клубында өнер көрсеткен еді.
Біздің серіктес: FONBET