Ресейлік клуб Қазақстан құрамасының бұрыңғы бапкеріне құдайдай сеніп отыр

24.10.2025, 17:15

Ресей Премьер лигасының “Крылья Советов” клубының баспасөз қызметі команда бас бапкері Магомед Адиевке толық сенім білдіретінін хабарлады.

Ресейлік клуб Қазақстан құрамасының бұрыңғы бапкеріне құдайдай сеніп отыр

“Тараптарда тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Өңір басшылығы мен клуб жетекшілігі бас бапкерге толық сенім артады. Маңызды матчтар қарсаңында мұндай жалған жаңалықтардың шығуын клуб ішінде бәсекелестер тарапынан жасалған психологиялық қысым ретінде қабылдаймыз.” — деді клуб “Чемпионат” басылымына берген ресми мәлімдемесінде.

Осылайша, “Крылья Советов” басшылығы командадағы жағдайдың тұрақты екенін және Магомед Адиевтің алдағы кездесулерде де өз қызметін жалғастыратынын нақты айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×