Ресейлік клуб «Ордабасы» ойыншысына қарыз екен

17.07.2020, 21:01
Александр Клещенко өзіне тиесілі ақшаны алғысы келеді.
Ресейлік клуб «Ордабасы» ойыншысына қарыз екен

Ресей футбол одағының дауларды шешу палатасы "Енисейді" «Ордабасы» қорғаушысы Александр Клещенконың алдындағы қарызын төлеуге міндеттеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sport-Express.

Веб-сайттағы мәлімдемеде Ресейлік клуб Клещенкоға 2019/20 маусымдағы ресми ойындар үшін бонустар және кешіктірілген төлемдерді, одан бөлек сыйақыға берілетін ақшаны төлеуі керек делінген.

Уақытша жаза ретінде «Енисейге» жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салынады деп хабарланған. Естеріңізге сала кетейік, былтыр Александр Клещенко «Тобылдан» кеткеннен кейін «Енисейде» ойнаған болатын. Осы жылдың қаңтарында Ресейлік ойыншы "Ордабасы" сапына қосылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×