Ресейлік бірқатар клуб Қазақстандық жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебекті қатарларына қосуға ниет білдіріп отыр, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бұл туралы Pесейлік журналист Александр Троицкий өзінің АЗИЯ-СПОРТ телеграм арнасында хабарлады.
Троицкийдің сөзінше, Ресей Премьер лигасында Қазақстандық ойыншылар легионер саналмайтындықтан және соңғы жылдары өздерін жақсы жағынан көрсеткендіктен, оларға деген қызығушылық жоғары.
"Кенжебекке Ресейдің бірқатар клубы қызығушылық танытып отыр. Ресейде Қазақстандықтар легионер болып есептелмейді және олар Зайнутдинов, Әліп және Самородовтың арқасында өздері туралы жақсы әсер қалдырды. Қазақстандықтарды "ұтылыссыз нұсқа" деп атайтынын бірнеше рет естідім." — деп жазды журналист.