Ресейлік клубтың көшбасшы ойыншысы «Астанаға» ауысуы мүмкін

19.02.2021, 05:15
«Астана» бұған дейін екі трансфер жасап үлгерді.
Ресейлік клубтың көшбасшы ойыншысы «Астанаға» ауысуы мүмкін

"Тамбовтың" бұрынғы жартылай қорғаушысы Валерий Чуперка "Астанаға" ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Матч ТВ.

Бұған дейін 28 жастағы қорғаушыға түркиялық клубтардың қызығушылық танытқаны белгілі болған еді. Ресейлік футболшы "Енисей", "Краснодар", "Балтика", "Ростов", "Томь", "Анжи", "Спартак Нальчик" және молдовиялық "Академия УТМ" командаларында ойнаған. Чуперкада Молдавия елінің азаматтығы да бар.

РПЛ-дің ағымдағы маусымында Чуперка 16 матч өткізіп, 2 гол соқты. Қазір футболшы еркін агент болып табылады: ол "Тамбовпен" келісім-шартты бұзды.

Ойыншы 2020 жылы гол + пас жүйесінде "Тамбовтың" көшбасшысы болды. Жалпы өткен жылы 25 матчта 4 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×