«МАТЧ ТВ» арнасының комментаторы Дмитрий Дерунец Sportnews.kz –пен сұқбат барысында «Астананың» Конференциялар Лигасының бесінші турындағы «Челсимен» болатын матчтағы мүмкіндігі жайлы айтты.
«Қағаз жүзінде барлығы күрделі екені түсінікті. «Челси» Алматыға сөзсіз фаворит болып келеді, алайда, желтоқсан, Қазақстан, лондондықтар үшін Конференциялар Лигасының турнирлік кестесіндегі өте қолайлы жағдай. Меніңше, алаң иелері үшін белгілі бір деңгейде мүмкіндік бар. Әрине, «Астананың» бұл ойынға дайындығы қандай деңгейде болады деген үлкен сұрақ, себебі, Қазақстанда чемпионат әлдеқашан аяқталып қойған, команда жүрісінен жаңылып қалмады ма? Қаншалықты жолы болып кетеді? «Челсидың» нәтиже үшін өлермендікке бармайтыны түсінікті, «Астананың» да батылырақ болып, ойынды өзінің қақпасынан алыстатып көруі тиіс. Бұл бәсекеде көп гол соғыла қоймас, «Челсидың» сәл басымдықпен жеңіске жететінін болжаймын, алайда, «Астана» сенсация жасап кетуі де мүмкін», - деген еді ресейлік Д. Дерунец.
«Астана» - «Челси» ойыны 12-желтоқсанда Алматыда болады. «Орталық» алаңдағы бәсеке 20:30-да басталмақ. Айта кетейік, Григорий Бабаянның командасы әзірге УЕФА Конференциялар Лигасының негізгі кезеңінде төрт турдан кейін 4 ұпаймен 23-орында келеді. Ал лондондық клуб турнирлік кестенің көшін бастауда.
Біздің серіктес: FONBET