Ресейлік комментатор Самородовтың шеберлігіне тәнті болды

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
Бүгін, 10:38

«Матч ТВ» арнасының комментаторы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Максим Самородовтың дебюттік голына тәнті болды.

Ресейлік комментатор Самородовтың шеберлігіне тәнті болды
Максим Самородов "Ахмат" сапында

Айта кетейік, кеше грозныйлық «Ахмат» Ресей Кубогі жолындағы турнир аясында сырт алаңда «Пари НН» командасымен жолығып, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Аталған кездесуде бірінші болып есеп ашқан қонақтар болатын. Ойынның тоғызыншы минутында Максим Самородов қақпа торын тулатты.

«Міне бұл нағыз сұрмергеннің қолтаңбасы! Бұл жігітке гол салып бастау қандай маңызды!», - деген еді ресейлік телеарнаның комментаторы.

Еске саламыз, бұл қазақстандық футболшының грозныйлық комада сапындағы алғашқы нәтижелі соққысы болатын. Сондай-ақ, Максимның бұл күні «Ахмат» сапында алғаш рет матчты бірінші минуттан бастағанын да айта кетейік. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы «Ахматқа» Ақтөбеден осы жазда ауысқан. Трансфер құны 1 миллион еуроны құрады. Футболшы мен грозныйлық клубтың келісімшарты 2028-жылдың 30-маусымына дейін жарамды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×