Ресейлік легионерлердің үздігі

15.02.2014, 01:32
Ресейлік легионерлердің үздігі
Кәрі құрлықты бағындыра алған көрші елдің үздік футболшыларын еске түсіре отырып, сіздердің назарларыңызға Еуропа алаңдарында жемісті ойын көрсете алған ресейлік футболшылардың үздік жетілігін назарларыңызға ұсынамыз. 7.Виктор Онопко Командалары «Овьедо» (1996-2002), «Райо Вальекано» (2002-2003). FC Barcelona's Ronaldo (L) of Brazil fights for the ball with Real Oviedo Russian midfielder Viktor .. Ұлттық құраманың көп жылдар бойы капитаны болған ойыншы. Әлемдік дәрежеде танымал болып, әлем жұлдыздарының қатарында доп тепкен. Бірақ, бұл футболшының Еуропаға сапары сәтті болды деп айту қиын. Негізінен соңғы орындарда жүрген командаларда ойнады. 90жылдардың ортасынан кейін кәрі құрлыққа ауысқан ресейлік капитан испаниялық "Овьедо" клубының бірнеші жыл бойы лидері болды. Негізінен примерада қалу үшін таласқан клубпен бірге келесі дивизионға екі мәрте түсіп үлгерді. Дәл осы кезеңде "Овьедо" сапында Абел Шавьер, Паулу Бенту сияқты танымал ойыншылар да доп тепті. Бірақ, ресейлік капитанның қасында олардың бар-жоғы қатты сезіле қоймайтын. 6.Алексей Смертин Командалары «Бордо» (2000-2003), «Челси» (2003-2006), «Портсмут» (2003-2004, аренда), «Чарльтон» (2005-2006, аренда), «Фулхэм» (2007-2008) 101207 Еуропаның үздік чемпионаттарында көп жыл бойы тер төккен футболшы жарқын ойынымен жанкүйерлер жадында қала алған жоқ. Бір кездері болашағынан үлкен үміт күттірген "Локомотив" жартылай қорғаушысы кәрі құрлықта өзін жоғалтып алды. Смертиннің ойыны жүретін болса, бүкіл команданың ойынына жақсы әсер ететін. Ал, ойыны жүрмесе(негізі осы жағдай  жиі кездесетін) ол алаңда жоқ болып кете салатын.  Алексей Англияда доп теуіп жүрген кезде Абрамович "Челсиді" сатып алды. Өз клубының қатарынан көргісі келген жалғыз отандасы да осы Смертин. 5.Дмитрий Аленичев Командалары «Рома» (1998-2000), «Перуджа» (аренда) (1999-2000), «Порту» (2000-2004) загруженное   Мәскеулік "Спартак" клубының 90 жылдардағы ең үздік футболшысы. 98жылы Апеннин түбегіне аттанды. "Рома" Аленичев үшін мәскеуліктерге 8млн доллар төледі. Италия жерінде Аленичев сәтті ойнай алмады. "Рома" сапында қосалқы құрамда екі маусым өткерді. Жалпы, 43 кездесу өткізіп, 4 гол соқты. Кейін "Перуджаға" жалға берілді. Онда да жарытып ойнай алған жоқ. Кейін Италиядан Португалияға ауысты. Жозе Моуринью бапкердің қол астында, футболшылық карьерасындағы ең жарқын 4 маусымын өткерді.  "Портуға" қосылған алғашқы маусымда негізгі құрам ойыншысына айналды. Екінші маусымда ел чемпионы атанды. Келесі жылы алғашқы еуропалық кубок, Уефа кубогін жеңіп алды. Ал, соңғы жылында чемпиондар лигасын жеңіп, осы турнирдің финалында гол соққан алғашқы ресейлік футболшы болып тіркелді.   4.Александр Мостовой Командалары «Бенфика» (1992-1993), «Кан» (1993-1994), «Страсбур» (1994-1996), «Сельта» (1996-2004), «Алавес» (2005) rue7faf31e388   "Сельта" тарихындағы ең үздік сұрмерген. Осы клуб үшін 55 гол соғып үлгерген. Виго қаласында "патша" деген атаққа ие болған. Клуб өкілдері Мостовой құрметіне өздерінің негізгі аренасы жанынан ескерткіш те тұрғызбақшы болған. Фундаменті қаланып, ақшасы жиналып үлгерген бүл құрылыс белгісіз себептерге байланысты тоқтап қалған. "Сельта" ол кездері Ла лигада орташа командалар қатарынан саналатын. Уефа кубогінде көп жылдар бойы ойнаған. 3.Валерий Карпин Командалары «Реал Сосьедад» (1994-1996, 2002-2005), «Валенсия» (1996-1997), «Сельта» (1997-2002) 663795-9837452-640-360 Испания примерасында 384кездесу өткізіп, 68 гол соққан. Ресейлік ойыншылар ішінде абсолютті рекорд нәтиже.  Ресейлік футболшы Испания чемпионатында он маусымнан көп уақыт бойы доп тепті. Сан-Себастьян мен Виго қалаларында жанкүйерлер тарапынан ыстық ықыласқа бөленген ойыншы. "Реал Сосьедад" сапында чемпиондыққа таласқан кездері де болған. Тек соңғы матчтарда ғана мадридтік "Реалдан" 2 ұпайға артта қалған. Чемпиондар лигасында ойнады. Оң қапталда ойнаған жартылай қорғаушының Испанияда жеңген жалғыз кубогі - Интертото кубогі. Карпин бүгінгі таңда "Спартак" клубының бас бапкері. 2Аршавин.Андрей  Командалары "Арсенал 2009-2012" 744610-9270339-640-360 Соңғы онжылдықтағы ресейлік футболшылар ішіндегі ең үздігі десек артық айтқандық болмас. "Зенит" сапында жалындап шықты, Уефа кубогін жеңді. 2008жылы Еуротурнирде айды аспанға бір-ақ шығарды. Жартылай финалда Ресей құрамасы болашақ чемпиондарға 3-0 есебімен жеңілсе де, Аршавин үшін нағыз жұлдызды сәт сол болды. Арсен Венгер бапкер баптайтын клуб осы футболшы үшін 20млн еуро көлемінде ақша төледі. Аршавин бәрін дұрыс бастады. Алғашқы маусымда өте керемет ойнаған. "Ливерпуль" қақпасына покер, "МЮ" мен "Барса" қақпасына гол соқты. 17 нәтижелі пас жасаған. 30-дан аса гол да соғып үлгерді. Бірақ, бір маусымнан кейін бәрі кері қарай кетті. Аршавин өзіне дейінгі отандастарының қателіктерін қайталады. Негізгі құрамға іліге алмады. Кейін мас боп жүріп клубқа баратынды шығарды. Соңында Арсенал бұл футболшыдан құтылуға асықты. Қазір Андрей өзінің туған клубына қайтып келді. 1.Андрей Канчельскис Командалары«Манчестер Юнайтед» (1991-1995), «Эвертон» (1995-1996), «Фиорентина» (1996-1998), «Рейнджерс» (1998-2002), «Манчестер Сити» (2001), «Саутгемптон» (2002), «Аль-Хилаль» (2003) 1337087021_b_andrej-kanchelskis 90жылдар басында Англия футболы легионерлерге енді ғана үйреніп жатқан кезде аты-жөнін айту қиын болған Канчельскис Еуропаны таңғалдырды.  Алекс Фэргюсон дәуірі енді ғана күшіне еніп келе жатқан сәтте шотландиялық бапкердің көзі осы футболшыға түсті. Футболдағы алғашқы қадамын Валерий Лобановский қол астында бастаған. Жаңадан жасақтала бастаған "қызыл сойқандар" сапында негізгі құрам жартылай қорғаушысы болды. Гиггз, Инс, Кин сияқты футболшылармен бірге Еуропадағы үздік жартылай қорғаушылар шебін құрады. Манчестердегі 4 маусымда екі рет премьер лига чемпиондығын, Англия кубогін, Англия лигасы кубогін жеңді. Топ деңгейдегі клубта көп жыл бойы жақсы деңгейде ойнаған алғашқы ресейлік футболшы. "МЮ" сапында 30-дан аса голдың авторы атанған.   Жәнібек Әбішев                                  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×