Ресейлік маман Өзбекстан құрамасының бапкерін Черчесовпен салыстырды

17.11.2024, 17:04

Ресейлік спорт журналисі Александр Троицкий Қазақстан мен Өзбекстан құрамасының бас бапкерлерін салыстырды. 
 

Ресейлік маман Өзбекстан құрамасының бапкерін Черчесовпен салыстырды
Сречко Катанец

«Сречко Катанецке қатысты, оның Өзбекстанды әлем чемпионатына шығарарына сенімдімін. Оған 2026-жылғы әлем чемпионатына командасын өзі бастап апаратындай зор денсаулық пен жүйке жүйе тілеймін, себебі дәл осылай болғаны әділ болар еді. 
Ал Станислав Черчесовке жұмыс істей тұруға мүмкіндік беру керек деп есептеймін. Оның еңбектерінің келесі маусымда нәтиже алып келетіні анық. Ол чемпиондық рухы бар тәжірибелі маман. Оның бағасын төмендетуге болмайды. Қазақстандық әріптестерімнен аздап мейірімді болуларын сұраймын», - деді А. Троицкий. 

Бүгін Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасындағы алтыншы тур аясында Норвегияға қарсы кездесу өткізеді. Команда бес турдан кейін В Лигасының үшінші тобында соңғы төртінші орында тұр. Айта кетейік, Станислав Черчесов ұлттық құрама тізгінін осы жазда ұстады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×