Ресейлік маман: әзірге Черчесов күтілген нәтижені бере алмауда

12.10.2024, 06:17

Ресей құрамасының бұрынғы футболшысы Сергей Гладилин Қазақстан құрамасының Аустрияға қарсы өткізген кездесуіне тоқталды.

Ресейлік маман: әзірге Черчесов күтілген нәтижені бере алмауда
Аустриялық футболшылар Қазақстанның қақпасына салған голын тойлауда

Сондай-ақ Станислав Черчесовтың жұмысына өзінің бағасын да бере кетті. 

«Аустрия мен Словениядан ірі есеппен ұтылу Қазақстан құрамасы үшін тым ауыр. Адиев ұлттық командамен жақсы жұмыс істеді және оның кезінде тамаша нәтижелер тіркелген. Егер команда ойдағыдай ойнап қажетті нәтиже беріп жүріп жаңа бапкер ауысса және ол жеңіске жете алмаса, демек бірдеңені ойлап, тәжірибе жасап жүр деген сөз. Әзірге Черчесов күтілген нәтижені бере алмауда» - деді С. Гладилин. 

Айта кетейік, Ұлттар Лигасының үшінші турында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Аустриядан 4:0-мен жеңілді. Енді ертең Алматыда Словениямен ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×