Ресейлік сайт: Қазақстанға В дивизионымен қоштаса беру керек

Бүгін, 12:42

Ресейлік «Чемпионат» спорттық порталы Қазақстан құрамасының Словенияға қарсы кездесуі жайлы жазды.

Ресейлік сайт: Қазақстанға В дивизионымен қоштаса беру керек
Қазақстан - Словения кездесуі

«Қазақстан үш ойында тұңғыш рет ойсырамай ұтылды. Бұған қуануға бола ма? Қайдам. Голдар әлі де жоқ, ал екі тур қалғанда норвегиялықтар мен словениялықтар алты ұпай алға ұзап кетті және жеткізе қоймайды. Аустриялықтар бүгін Норвегиямен ойнамақ, бірақ олар онсыз да үш ұпай алда тұр. Шамасы, Қазақстанға В дивизионымен қоштаса беру керек», - делінген материалда. 

Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасының төрт турында бірақ ұпай алып, өзінің тобында соңғы орында келеді. Станислав Черчесовтың командасы келесі кездесуін Аустриямен өткізеді. Бұл бәсеке 14-қарашада өтеді.  Соңғы турда сырт алаңда Норвегияға қарсы тұрмақ. Бұл ойын қарашаның он жетісіне жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×