Ресейлік сайт "Тобылдың" келесі кезеңге шығатынына күмәнданады

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
01.08.2024, 17:22

Бүгін "Тобыл" Конференция Лигасының екінші кезеңінің жауапты матчында швейцарияның "Санкт-Галленін" қабылдайды.

Ресейлік сайт "Тобылдың" келесі кезеңге шығатынына күмәнданады

Бірінші бәсекеде Нұрбол Жұмасқалиевтің командасы 1:4 есебімен ойсырай ұтылған болатын. Ресейлік "Soccer365.ru" сайты қос команданың қарымта ойыны туралы пікір білдіріпті. 

"Санкт-Галлен" - "Тобыл" жұбындағы жағдай белгілі деуге болады, себебі швейцариялықтар өз алаңындағы жеңістен кейін қарсыласына есе жібере қоймас. "Тобыл" үшін бұл қарсылас өте мықты болды. "Санкт-Галлен" қостанайлықтардан ойын көосеткіші бойынша ғана емес, футболшылардың жеке шеберлігі жағынан да басым. Швейцариялықтардың шабуыл өтінде жоғары деңгейлі ойыншылар өнер көрсетсе, Нұрбол Жұмасқалиевте тек Чесноков пен Әл-Мессауди бар. Десе де, костанайлық команда өз алаңында басымдыққа ие бола алады: швейцариялықтардың сырт алаңдағы өнері аса сенімде емес, оның үстіне олар әр үш күн сайын кездесу өткізіп келеді. Ал "Тобылда" премьер-лига ойынын шегерген себепті керісінше бір апта демалыс болды. Әрине, өткен маусымда "Базельмен" болған ерлікті қайталайтындай мүмкіндіктері аздау, бірақ тең ойнап, еурокубоктік ұпай ала алады, - депті ресейлік сайт. 

Естеріңізге салсақ, "Тобыл" - "Санкт-Галлен" кездесуі 21:00-де басталады. Нұрбол Жұмасқалиевтің командасына келесі кезеңге өту үшін 4 доп салып, өз қақпасына гол өткізбеу керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×