«Cпорт-экспресс» те Дастан Сәтпаевтың таланты мен трансферін талқылаудан шет қала алмапты.
Ресейлік танымал сайт қазақстандық футболшының мықты тұстарына тоқталып, ресейлік клубтар тарапынан болған қызығушылық жайлы да айтқан.
«Сәтпаев дереу Еуропалық скауттар назарын аударып алды. Оның өнері таңқалдырмай қоймайды:
Техникалық әрі тактикалық дайындығы. Жылдам қимылдауға мүмкіндік беретін ықшамдығы, алаңда ашыла білетін қасиеттері оны өте қауіпті шабуылшы етеді. Әмбебаптық. Жас ойыншы қос қапталда да бірдей ойнайды, оң аяғымен де, сол аяғымен де соққы жасай береді.
Менталды тұрғыда тұрақты. Сәтпаев қарсылас қысымында өзін сенімді ұстайды әрі алаңдағы жағдайды дұрыс бағамдай біледі және опоненттерімен бірге-бір жиі ойнайтыны бар. Байқалатын жалғыз кемшілігі – екінші қабаттағы ойыны. Мұны бойының қысқалығымен түсіндіруге болады (170 см). Академияда онымен бірге жұмыс істеген бапкерлерінің айтуынша: Сәтпаев ересек деңгейде доп тебуге дайын. Десе де, жүктеме мөлшерімен болғаны жөн.
Футболшы шын мәнінде менталды тұрғыда мықты және көктемде-ақ Еуропада ойнағысы келетінін мәлімдеген еді.
Осыған дейін қазақстандық БАҚ «Зениттің» Дастан Сәтпаевқа деген қызығушылығы туралы ақпарат таратты. Бірақ, бұл трансфер іске аспайтын сияқты», - деп жазыпты ресейлік әріптестер.
Дастан Сәтпаев 2026-жылға дейін «Қайратта» қала бермек. Тек содан кейін кәмелет жасына толған соң «Челси» жейдесін киеді.
Біздің серіктес: FONBET