Ресейлік ұжым “Қайрат” ойыншысын жеңісімен құттықтады

28.10.2025, 22:15

Ресейлік "Краснодар" клубы өздерінің бұрынғы ойыншысы және қазіргі "Қайрат" капитаны Александр Мартыновичті Қазақстан чемпионы атануымен құттықтады.

Ресейлік ұжым “Қайрат” ойыншысын жеңісімен құттықтады

38 жастағы Беларусь қорғаушысы биыл "Қайрат” сапында екінші жыл қатарынан ел чемпионы атанып отыр.

Бұрын ұзақ жылдар бойы "Краснодар” намысын қорғаған тәжірибелі футболшының табысы бұрынғы клубының назарынан тыс қалмады.

“Бұрынғы капитанымыз Александр Мартынович Қазақстан чемпионы атанды. Оны шын жүректен құттықтаймыз және әрі қарай да табыстар тілейміз!” — деп жазды "Краснодар” ресми түрде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×