Ресейлік "МЯЧ Production" Telegram арнасы Алматылық "Қайраттың" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне өтуіне әсер еткен негізгі себептерді атап өтті.
"Бірінші фактор – салыстырмалы түрде батыл ойын. Іріктеу кезеңінде "Қайрат” матч бойы тек қорғаныста отырып алған жоқ, допқа ие болғанда да қорықпай ойнады. Мысалы, өз алаңындағы кездесулерде қазақстандықтар соққы көрсеткіші бойынша қарсыластарының бәрінен басым түсті. Финляндиялық "КуПС” мүлде артта қалып, 19 соққыға аз жасаған.
Екінші фактор – жеке тұлғалардың рөлі. Басты жұлдыз – 17 жастағы вундеркинд Дастан Сатпаев. Ол – біз бұрын да арнайы жазған футболшы, қазіргі таңда "Челсиге” ауысып үлгерді. Сондай-ақ, негізгі қақпашы Александр Заруцкийді алмастырған Темірлан Анарбековті де атап өткен жөн. Ол "Селтикпен” пенальти сериясында үш бірдей соққыны тойтарды. Бұған дейін ол 20 пенальтидің тек 3-еуін ғана қайтара алған еді (15%).
Үшінші фактор – команда қаңқасын бұрынғы РПЛ ойыншылары құрайды. Негізгі күштердің бірі Беларус Валерий Громыко, ол былтыр ғана Мәскеудің "Торпедосында" ойнаған. Қорғанысты бұрынғы "Краснодар" ойыншылары Александр Мартынович пен Егор Сорокин бекітсе, команданы кезінде "Ростсельмашта" өнер көрсеткен Рафаэль Уразбахтин жаттықтыруда.
Transfermarkt порталының мәліметінше, Алматылықтардың толық құрамы 13 миллион еуродан арзан бағаланған, ал негізгі кезеңге шығуы клубқа кем дегенде 20 миллион еуро әкеледі.” – деп жазады дереккөз.