"Зенит" клубының жартылай қорғаушысы Даниил Кондаков командадағы ішкі атмосфера мен жас ойыншылардың ересектер футболына бейімделуі туралы қызықты деректермен бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Оның айтуынша, Ресейдің алпауыт клубында жастарға бағыт-бағдар беріп, қамқорлық танытып жүрген — біздің отандасымыз Нұралы Әліп.
Кондаков командадағы аға буын өкілдерінің қаталдығы мен қолдауын қатар алып жүретінін айтады. Дегенмен, Қазақстандық қорғаушының жөні бөлек көрінеді:
“Барлығы бейімделуге көмектесті. Әрине, үлкендер қателік жіберсең ұрсып та алады, бірақ көбіне қолдау көрсетуге тырысады. Мен көбінесе Нұрали Әліппен араласамын. Ол мені және Шилоны (Максим Шипулин) өз қамқорлығына алды, былайша айтқанда қорғайды. Нұриктің өзі де кезінде "Қайратта” жас ойыншы болды, сондықтан біздің күйімізді жақсы түсінеді. Ол біздің жақын досымызға айналды." — дейді футболшы.