Рэшфорд: «Осы күнге дейін балаларын тамақтандыруды қаламайтын бірде-бір ата-ананы кездестірмедім»

07.09.2020, 14:47
Мұны қоғамға жайып салмай, оларға көмектесуіміз керек дейді Рэшфорд.
Рэшфорд: «Осы күнге дейін балаларын тамақтандыруды қаламайтын бірде-бір ата-ананы кездестірмедім»

«Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Маркус Рэшфорд британдық депутат Кевин Холлинрейкты қоғамдағы аш балалар туралы айтқан сөзі үшін сынға алды. Холлинрейк өзінің твиттер-аккаунтында балаларын тамақтандыру ата-аналардың міндеті деп жазған болатын.

«Мен сізге мұны жазбас бұрын отбасылармен сөйлесуге кеңес берер едім. Осы күнге дейін балаларын тамақтандыруды қаламайтын немесе сезінбейтін бірде-бір ата-ананы кездестірмедім. Бұл депутаттың түсініктемесі деп қоя тұрайық. Дәл осы пікірлер адамдарға шындықты айтуға және көмек сұрауға кедергі келтіреді. Біз бір-бірімізді көтермелеуіміз керек. Бұл туралы жазған адамға менде дәл сондай жауап болар еді», - деп жауап берді Рэшфорд депутатқа.

Рашфорд өткен маусымда 31 кездесу өткізіп, 17 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×