Рэшфорд - қаһарман! Парламент шешімін өзгертті

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
23.06.2020, 00:17
«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Маркус Рэшфорд Англия парламентінің шешімін өзгерткен адам.
Рэшфорд - қаһарман! Парламент шешімін өзгертті

Бүкіл әлем пандемиямен күресіп, қара нәсілділердің теңдігмен күресіп жатқанда Маркус Рэшфорд кішкентай балалардың қамын ойлады. Аз қамтылған отбасылардың балалары енді тоқ жүретін болды. Себебі, Рэшфор осы үшін күресіп жатыр. Бастапқыда ол қайырымдылық ұйымдастырып, 20 миллион фунт қаржы жинады. Оның барлығы балалардың тамағына жұмсалды. Яғни, мектепте оқитын балаларға тегін тамақ беріледі. Енді бұл жолы Маркус өзінің бастамасын күллі Англияға жеткізді.

Анлияда 1,3 млн бала мектепте тегін тамақтану құқына ие. Ол үшін отбасының табысы жылына 7400 фунттан аспауы керек. Маркустың өзі кезінде осындай жағдайды бастан өткерген. Ол аз қамтылған отбасыдан шығып отыр. Сондықтан болар, Ұлыбритания парламентіне былай деп хат жазды.

"Менің тарихым көптеген отбасыға таныс шығар. Мамам үнемі жұмыста болды. Бірақ, жалақысы соншалықты көп емес еді. Дегенімен, кешкі асымыз жақсы болатын. Бірақ, мұның барлығы жеткілікті емес. Біз секілді жанұяның адамдары өмірде жақсы болып кетуі қиын. Таңертеңгі асты клубтардан ішетінбіз. Түскі асты мектепте тегін берсе ішеміз, болмаса көршілер мен бапкерлердің қамқорлығына зәру едік. Бізге қаладағы тегін тамақ беретін асханалардың бәрі таныс болатын. Ал жаңа жылда біз Нортерн-Мурға (Манчестердің ауданы) барып мерекелік ас ішетінбіз.

"Парламенттің өз саясаты бар. Сіздер тегін ас беретін ваучерді алып тастадыңыздар. Бірақ, Сіздеге қазір күллі Англия қарап отыр. Сондықтан да, шешімдеріңізді өзгертіңіздер. Қазір жағдай саясатта емес, балалардың кешке қарындары аш болып ұйықтауында болып тұр".

Бұл хатқа премьер-министр Борис Джонсонның өкілі жауап берді. "Премьер-министр қалыптасқан жағдайды түсініп отыр. Ондай жанұялардың саны күллі Ұлыбританияда өте көп екенін де біледі. Сондықтан да, тегін ас мәселесіне 63 миллион фунт қаржы бөлдіртетінін айтты", дейді жауапта. Алайда, лейбористтік партияның есебі бойынша бұл қаржы аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларды тегін аспен қамтамасыз етуге жетпейді екен. Керегі 115 миллион.

Сосын Маркус осы мәселені көтеріп BBS арнасына сұқбат берді, кейіннен The Times газетіне мақала жазды.

"Мен депутаттыққа ұмтылмаймын, десе де менің әлеуметтік сала бойынша білімім бар. Қазір Англияда 1,3 миллион қарны аш бала жүр. Осыдан 10 жыл бұрын мен солардың қатарында болғанмын. Автобуста кетіп бара жатып, әр көшенің бұрышында жүрген қарны аш балаларды көріп кейін бір жетістікке жетсем осылардың құқығын қорғаймын деп уәде бердім. Себебі, мен де солардың ортасынан шықтым. Мені кейде сыныптастарым, жаттығудағы достарым үйлеріне ертіп апаратын. Сондағысы менің қарным ашып қалмасын дегендері. Мен оның барлығын жақсы түсінемін. Тоңазытқышқа бара жатып ойлаңызшы, ішінде балалар ішетін сүт жоқ. Жейтін тамақ жоқ. Душқа түсейін десеңіз су тоқтап қалған. Осындай жағдайда ғұмыр кешіп жатқан отбасылар бар екенін білесіздер. Бірақ, жазғы демалыста тегін ас жеуге рұқсат беретін ваучерді тоқтатып тастадыңыздар. Депутаттарға айтарым, бір-бірлеріңізбен бәсекелстіктеріңізді қоя тұрыңыздаршы. Қазір біз бірігуіміз керек. Ең болмаса тегін ас беруді тоқтатпаңыздар".

Осы мақаладан кейін депуттаттар және Гари Линекер секілді ірі тұлғалар, тіпті "Ливерпуль" футбол клубы да Маркусты қолдап шықты. Артынша Борис Джонсон ваучерлерді қайтадан іске қосыңдар деп жарлық берді. Парламент 120 миллион фунт бөліп, тегін ас берілуіне барлық жағдайды жасады.

Бұл оқиғадан кейін Маркус өзінің туиттеріне: "Тіпті, не айтарымды да білмеймін. Біз біріккен кезде қандай шаруалар істей алатымызды қараңыздаршы. Бұл Англия, 2020 жыл" деп жазды. Шамасы Ұлыбритания өз қаһарманын тапқан секілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×