Ақтөбе облыстық мәслихатының мәліметінше, бүгін "Ақтөбені" жекеменшікке беру мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өтті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Жиын қорытындысы бойынша уәкілетті тұлғалар клубты жекешелендіру туралы шешімді ресми түрде мақұлдады.
Қоғамдық тыңдаудан кейін жекешелендіру процесі заңды кезеңге өтеді.
Клубтың жалғыз иесі болып табылатын облыстық "Қаржы басқармасы” енді бұл процесті заңдық тұрғыдан рәсімдеуге кіріседі.
Клубты мемлекет меншігінен жеке секторға беру арқылы оның басқару жүйесін жетілдіру және бюджетке түсетін салмақты азайту көзделіп отыр.