28 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Александр Меркель "Хераклестен" кетті. Бұл туралы футболшы өзінің Twitter парақшасында жариялады:
«Екі керемет өткен жылға рахмет! Сіздерге болашақта тек жақсылықты тілеймін!», - деп жазды Меркель.
Александр Меркель "Хераклеске" екі жыл бұрын қосылған болатын. Голландиялық клуб үшін барлық турнирлерде 63 матч өткізіп, 2 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. Осылайша, осы команда үшін ол мансабындағы ең көп матч өткізді.
Бүгіннен бастап қазақстандық жартылай қорғаушы еркін агент болды. Бұған дейін ресейлік БАҚ мәскеулік «Локомотивтің» футболшыға деген қызығушылығы туралы айтқан болатын.
Біздің серіктес: FONBET