Ресми: БАӘ чемпионаты өтпейтін болды

Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан енді не істейді?
Ресми: БАӘ чемпионаты өтпейтін болды

Біріккен Араб Әмірліктерінің футбол федерациясы біріншілікті осы жерден тоқтату қажет деп шешім шығарды деп хабарлайды GDN Online. Коронавирусқа байланысты тоқтап қалған чемпионат қайта жалғасатын түрі жоқ. Індеттің беті қайтар емес. Сондықтан да футбол чемпионаты жалғаспайтын болды. Бауыржан Исламхан ойнайтын "әл-Айн" клубы қазір турнирлік кестеде екінші орында тұр. Бірақ, биылғы чемпионаттың турнирлік кестесі кейін юелгілі болады.

Бауыржан "әл Айн" командасы сапында 10 ойын өткізіп, 1 гол салды және 3 нәтижелі пас берді. 27 жасар қазақ футболшысының келісімі 30 маусым күні аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
«Шахтер» ұстанған саясат
Келесі жаңалық
Болжам. АПЛ, қош келдің!
Серіктес жаңалықтары
×