Ресми: Габриэль - «Арсенал» ойыншысы атанды

Абзалұлы Шерхан
Бас редактор
02.09.2020, 04:18
Ресми: Габриэль - «Арсенал» ойыншысы атанды

Лондондық "Арсенал" трансфер терезесінде осымен екінші бразилиялық ойыншымен толықты. Алғашқысы "Челсиден" келген Виллиан болса енді франциялық "Лильдың" орталық қорғаушысы Габриэл дос Сантос Магальяйнсты қатарына қосты.

22 жасар қорғаушы үшін "зеңбірекшілер" 25 млн фунт төледі. Келісім шарт бес жылға бекітілді. Габриэль клубта алтыншы нөмірде ойын көрсетпек.

Өткен маусымда Габриэль жаста болса 1 Лигадағы ең үздік қорғаушылардың бірі болды. 34 ойын өткізіп 1 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×