Ресми: Иммобиле келісімшартын ұзартты

Абзалұлы Шерхан
Бас редактор
31.08.2020, 20:59
Ресми: Иммобиле келісімшартын ұзартты

"Лационың" баспасөз қызметі Чиро Иммобиленің клубпен жаңа 5 жылдық келісімшартқа қол қойғаны туралы хабарлады. Солайша форвард клубта 2025 жылға дейін қалатын болды.

Клуб басшылығының италиялықпен келісімшартты ұзартуға асық болғанына толық негіз бар. Иммобилеге өткен маусымда "Алтын бутсаны" жеңіп алған соң, құда түсіп келіп жатқан клубтардың қарасы көбейген. Сонымен қатар клуб директоры Стефано Де Мартино клубтың өткен маусымдағы жетістігін сақтап қана қоймай, одан әрі күшейтуге барын барын салатынын жеткізді.

Еске салсақ 30 жасар шабуылшы А Сериясында 36 гол соғып, "Алтын бутсаны" жеңіп алған болатын. Чиро "Лационың" жейдесінде 2016 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×