Ресми: Кай Хаверц - «Челси» ойыншысы

05.09.2020, 12:09
Бұл трансфер «Челси» үшін рекордты ауысым болып тіркелді.
Ресми: Кай Хаверц - «Челси» ойыншысы

«Байердің» жартылай қорғаушысы Кай Хаверц «Челси» сапына өтті, деп хабарлайды Лондон клубының ресми сайты.

21 жастағы неміс футболшысының "көктермен" бес жылдық келісімшарты бар. Хаверцтің трансферлік құны 80 миллион еуро және бонустар түрінде 20 миллион еуро болатыны хабарланды.

«Мен осында келгеніме қуаныштымын және мақтан тұтамын. Арманым орындалды. Енді мен «Челси» сияқты үлкен клубта ойнаймын. Мен барлық ойыншылармен және жаттықтырушылармен кездесуді тағатсыздана күтемін», - деді Хаверц.

Хаверц «Байер» клубының негізгі командасында 2016 жылдан бері ойнап келеді. 2019/2020 маусымда жартылай қорғаушы Германия Бундеслигасының 30 матчына қатысып, 12 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. 2018 жылдан бастап футболшы Германия құрамасына шақыртылып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×