Ресми: Қазақстан Суперкубогының финалы Түркия жерінде өтетін болды

“Тобыл” мен “Ордабасы” арасындағы Қазақстан Суперкубогыне талас 25 ақпан күні түркияның Анталья қаласында жүргізілетін болды, деп жазады Аладоп.кз.

Ресми: Қазақстан Суперкубогының финалы Түркия жерінде өтетін болды

Суперкубок ойындарын өз елінен тысқары жерде өткізу туралы идея Еуропаның ең үздік лигаларында жүзеге асып келе жатқанына біраз уақыт болды. Мәселен, Франция Суперкубогының финалы 2009 жылдан бері 8 мемлекетте өткізілген. Италия елі де маңызды турнирлерінің финалын осы кезеңге жейін 6 мемлекетте өткізіп үлгерген.

Анталья қаласы қазақстандық ұжымдар үшін тансық емес. Себебі, Түркияға ат басын бұрған клубтардың тең жартысы осы курортты жерде жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Шешуші кездесу “Титаник Мардан” стадионында ойнатылады. Бұл спорттық нысан “Антальяспор” ұжымының жаттығу базасы болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Суперкубок
Aladop Youtube
×