Ресми: ҚР президенті легионерлерді мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға тиым салды

15.04.2025, 16:32

Сонымен, Қасым-Жомарт Тоқаев спорт туралы заңға қол қойды.

Ресми: ҚР президенті легионерлерді мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға тиым салды

Енді мемлекет қазынасына тәуелді футбол клубтары шетелдік ойыншыларды бюджет қаражатына ұстай алмайды. Бұл туралы Aqorda мәлімдеме жасады.

Жаңа заңнамаға сәйкес, легионерлерді енді мемлекеттік қана емес, квазимемлекеттік ұйымдардың есебінен де қаржыландыруға шектеу қойылмақ.

Ендігіде мемлекет спортқа бөлетін қаржыны бұқаралық спорт, балалар мен жасөспірімдер спорты секілді маңызды бағыттарға ғана жұмсау тапсырмасы беріліп отыр.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×