Ресми: Луис Суарес - «Атлетико» ойыншысы

24.09.2020, 13:55
«Барселона» - «Атлетико» матчын асыға күтеміз.
Ресми: Луис Суарес - «Атлетико» ойыншысы

"Барселона" 33 жастағы шабуылшы Луис Суарестің Мадридтік "Атлетикоға" ауысқанын жариялады.

"Атлетико" "Барселонаға" уругвайлық шабуылшының трансфері үшін түрлі бонустар ретінде 6 миллион еуро төлейді.

"Барселона" өзінің адалдығы үшін Луис Суареске шын жүректен алғысын білдіреді және оған болашақта барлық жақсылықты тілейді", - делінген каталондық клубтың хабарламасында.

Суарес «Барселона» сапында 2014 жылдан бері ойнап келеді. Өткен маусымда 33 жастағы шабуылшы барлық клубтық жарыстарда 36 ойын өткізіп, 21 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген. 2007 жылдан бастап Луис Уругвай құрамасына шақыртылып келеді. Футболшының каталондық клубпен келісімшарты 2021 жылдың жазына дейін есептелген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×