Ресми: «Манчестер Сити» Чемпиондар лигасына қатысады

13.07.2020, 21:05
«Ман Сити» Чемпиондар лигасында фаворит болуын жалғастыра бермек
Ресми: «Манчестер Сити» Чемпиондар лигасына қатысады

Спорттық арбитраждық соты (CAS) өзінің ресми сайтында "Манчестер Сити" клубының дисквалификациясын алып тастау туралы шешім қабылданды. Сонымен бірге УЕФА шешіміне сәйкес бастапқыда 30 миллион еуроны құраған айыппұл 10 миллион еуроға дейін азайтылды.

Естеріңізге сала кетейік, УЕФА "Ман Сити" клубын қаржылық фейр-плэйді бұзғаны үшін еурокубоктен шеттеткен болатын. Клубты демеушілерімен қаржылық алаяқтық жасады деп айыптады. Команданы еурокубоктен шеттетудің бастапқы мерзімі екі маусым болды, бірақ "қалалықтар" ұйымның шешіміне шағымданды.

Коронавирустық пандемияға байланысты сот процесі кейінге қалдырылып, үкім шілде айында шығатыны белгілі болған еді.

Ал Чемпиондар лигасының осы маусымының 1/8 финалдың алғашқы матчында «Манчестер Сити» «Реал Мадридті» 2:1 есебімен жеңді. Қарымта матч тамыз айында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×