31-жасар сербиялық қақпашы елордалық командадан біржолата кетті.
Марко Милошевичтің "Астана" ұжымындағы келісімшарты қос тараптың мақұлдануымен тоқтатылды. Сербиялық "сары-көктердің" қатарына 2022 жылы келіп қосылған болатын. Елордалық командамен ол Қазақстан чемпионы атанды.
Бұл қақпашы қазақстандық жанкүйерлерге "Ракувқа" қарсы ойынымен танылған.
Марко ҚПЛ "Астанадан" басқа, "Каспий" ФК өнер көрсетті. Оны "сары-көктердің" сапына Срджан Благоевич алып келген болатын.
Біздің серіктес: FONBET