«Астана» клубының басшылығы бас бапкер Михал Билекпен келісімшартты бұзды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.
«Астана» футбол клубы чехиялық маманға оның жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы мансабына, соның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасындағы жұмысына табыс тілейді.
Бас бапкердің міндетін «Питерборо» (Англия), «Вентспилс», «Рига», «Сконто» (барлығы - Латвия), «Ростов» (Ресей), «Саншайнз» (Нигерия) клубтарында бапкерлік қызмет атқарған, тәжірибесі мол маман Пол Эшуорт атқарады.
Эшуорттың "PRO" санатындағы бапкерлік категориясы бар. Оның басшылығында командалар УЕФА турнирлері аясында 30-ға жуық ойын өткізген.
Айта кетейік, Михал Билек осы маусымда "Астанамен" бірге Қазақстан суперкубогын жеңіп алды. Сонымен қатар, Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде "Динамо Бресттен" 6:3 есебімен жеңілген болатын. Ал қызметтен кетуге шешім қабылдауға себеп болған матч - елордалық клуб кеше "Тобылдан" 2-0 есебімен жеңіліп қалды
Біздің серіктес: FONBET