Ресми: Родригес - «Эвертон» ойыншысы атанды

08.09.2020, 13:54
Анчелотти Хаместі көндірудің қажеті болмағанын айтты
Ресми: Родригес - «Эвертон» ойыншысы атанды

"Эвертон" ресми сайтында "Реалдың" жартылай қорғаушысы Хамес Родригестің трансфері туралы хабарлады.

Колумбиялық футболшының Англиялық клубпен келісімшарты екі жылға есептелген, оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, "Эвертон" трансфер үшін 20 миллион фунттан аз ақша төлеген (шамамен 22 миллион еуро).

"Мен осындай бай тарихы бар тамаша клубқа ауысқаныма өте қуаныштымын. Сонымен қатар, мені жақсы білетін маман осында жұмыс жасайды. Мен командамен бірге үлкен жетістікке жету мүмкіндігін күтемін. Клубқа көмектескім келеді, сол себепті мен "Эвертонға" ауыстым", - деді Хамес.

Родригес "Реал Мадрид" сапында 2014 жылдан бері ойнап келеді. 2019/2020 жылғы маусымда колумбиялық футболшы 11 кездесуге қатысып, 1 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×