Ресми: Рональд Куман «Барселонаның» бас бапкері атанды

19.08.2020, 20:39
Нидерланды құрамасын жас ойыншылармен жасақтаған Куман «Барселонаға» да жастарды жинайтыны анық.
Ресми: Рональд Куман «Барселонаның» бас бапкері атанды

"Барселона" өзінің ресми сайтында Рональд Куманмен келісімшартқа отырғанын хабарлады.

Бұған дейін Куманның "Барселонамен" үш жылдық келісімге қол қоятыны белгілі болған еді. Одан бөлек "Барселона" Нидерланды құрамасына 4-5 миллион еуро төлеуі керек. Басты себеп - Куман Нидерланды құрамасымен келісімшартын мерзімінен бұрын бұзуы.

Естеріңізге сала кетейік, Куман 1989-1995 жылдар аралығында Каталониялық клубтың намысын қорғаған. Ал 1998-2000 жылдар аралығында "Барселона" бас бапкерінің көмекшісі болып жұмыс атқарған.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×