Ресми: Вагнер Лав «Қайраттан» кетеді

24.11.2021, 01:12
Соңғы матчын Орталық стадионда «Базельге» қарсы өткізбек.
Ресми: Вагнер Лав «Қайраттан» кетеді

"Қайраттың" 37 жастағы шабуылшысы Вагнер Лав клубтан кететінін мәлімдеді. Конференция лигасының бесінші турындағы "Базельге" қарсы матчта бразилиялық шабуылшы алматылық клубтағы соңғы кездесуін өткізеді

"Сәлем, достар! "Базельге" қарсы матч менің Орталық стадиондағы соңғы ойыным болады және осы сәтті сіздермен бөліскім келеді. Бұл мен үшін маңызды күн болмақ. Егер сіз мен үшін және менімен қоштасу үшін ғана емес, команданы қолдауға келсеңіз, мен өте қуанышты болар едім, өйткені бұл матч біз үшін өте маңызды. Сондықтан, мен баршаңызды 25 қарашада Орталық стадионда күтемін. Үлкен рахмет! Мені және командамды әрқашан қолдағандарыңыз үшін алғыс айтқым келеді", - деді бразилиялық шабуылшы.

Вагнер Лав "Қайратқа" 2020 жылдың шілдесінде қосылды. Ол алматылық клубтың жейдесінде 55 матч өткізіп, 24 гол соқты, 20 нәтижелі пас берді.

Шабуылшы өткен жылы "Қайратпен" бірге Қазақстан чемпионы атанса, биылғы маусымда чемпионаттың қола жүлдесін қанағат тұтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×