Ресми: «Жетісу» Премьер-лигадан шығып қалды

03.10.2021, 00:36
Талдықорғандық ұжым келесі жылы Бірінші лигада бақ сынайды.
Ресми: «Жетісу» Премьер-лигадан шығып қалды

Қазақстан чемпионатының 23-турында "Астанадан" (1:3) ұтылған "Жетісу" Премьер-лигада қалу мүмкіндігінен айырылды.

Маусымның аяқталуына үш тур қалғанда талдықорғандық клуб 12-ші орында тұрған командадан 11 ұпайға қалып қойды, сондықтан олар келесі жылы Премьер-лигада ойнай алмайды. "Жетісу" осы маусымда Премьер-лигадан ұшқан алғашқы команда болды.

Келесі маусымда талдықорғандық ұжым Бірінші лигада бақ сынайды. Онда соңғы рет "Жетісу" 2017 жылы ойнаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×