Жалпы, қос клуб өзара төрт рет жолыққан - екі жеңіс «РФШ» еншісінде, бір тең ойын және «Левадияның» бір жеңісі бар.
Рига футбол мектебі бұл жұптың айқын фавориті саналған және осы статусты латвиялық клуб толық дәлелдей алды. Эстониядағы матчта жауапсыз бір гол соғып, қарымта ойын алдында жақсы мүмкіндік жасап алды. Жалпы, Александ Мороз жаттықтыратын литвалық команда Еурокубокте мол тәжірибе жинап келеді - клуб былтыр Еуропа Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен. Биыл Литва чемпионатында екінші сатыда келеді. 22 кездесудің 17-сін ұтып, бір рет тең ойнап, 4 бәсекеде ұтылған.
«Левадияның» Еурокубоктік жетістігі анау айтарлықтай емес - 2009/10-маусымда Еуропа Лигасының төртінші шешуші кезеңіне дейін жете алды. Одан басқа мақтанарлық жеңісі жоқ. Ал Эстония чемпионатында қарсылас шақ келтірмей тұр: 19 турдан кейін көш бастауда. 20 матчта 15 жеңіс, 2 тең нәтиже және 3 жеңіліс.
Бұл ойынның жалпы тоталы 3-тен кем болады деп болжаймыз. Fonbet.kz 1.93 коэффициент береді.