Ричард Алмейда: «Астана» сапындағы алғашқы голымды соққаныма қуаныштымын»

25.09.2018, 02:23
Ричард Алмейда: «Астана» сапындағы алғашқы голымды соққаныма қуаныштымын»
«Астана» премьер-лиганың 27-ші туры аясында сырт алаңда Оралдың «Ақжайық» командасын 2:1 есебімен жеңді. Аталмыш кездесудегі елорда командасының бірінші голын Ричард Алмейда  соққан болатын. Бұл Әзірбайжан құрамасының жартылай қорғаушысының Қазақстан чемпионатындағы алғашқы голы. Бразилиялық ойыншы клубтың баспасөз қызметіне бірінші соққан голынан кейінгі өз әсерімен бөлісті: - «Астана» сапындағы алғашқы голымды соққаныма қуаныштымын. Бұл голымды командалас әріптестеріме, жанкүйерлерге және бүгін таңда Қазақстанға ұшып келген отбасыма арнағым келеді. Маған кез келген футболшы сияқты гол соққан ұнайды. Алайда, мен өз алдыма көп гол соғу керек деген мақсат қоймаймын. Мен бірінші кезекте командаға көмегімнің тигенін қалаймын. Ал ол соғылған голға ұласып жатса мен екі есе бақытты боламын. Алаңда болған кезде нәтижелі пас бергенді жөн санаймын.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×